+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

Алматыдағы селдің беті қайтты - Бақытжан Сағынтаев

2019 жылғы 14 тамыз 11:46
Бөлісіңіз:
Алматыдағы селдің беті қайтты - Бақытжан Сағынтаев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қарғалы өзенінің басындағы көлде атқарылған жұмыстар жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жапонияны топан су басып, 670 мыңдай адам эвакуацияланды Алматыда сел қаупі сейілді Бақытжан Сағынтаев: Қиын жағдайда ауызбіршілік болғаны жақсы

«Жоғары жақтан келе жатырмын. Таң атқалы сол жақта жүрміз.Тиісті шаралар қабылданды.Қорқатын ештеңе жоқ. Құдай сақтасын. Жаздай жұмыстар атқарылды. Көлдің басында экскаваторлар жұмыс істеді. Олар жаздай жерді қазып суды жіберіп отырған.77 мың текше метр суды 26 мың текше метрге дейін түсірген.Соның арқасында қазір су аз келді. Енді, қазір жоғары жақтан хабар беріп жатыр, көлден аққан су тоқтады.Өзінің қарқынымен ағып келеді. Мына бөгетке дейін 22 шақырым, су өзен арнасымен ағады деп ойлаймыз. Ешқандай қауіп жоқ. Сумен ешқандай тас ағып келе жатқан жоқ. Жәй ағынды лай су келіп жатыр. Судың көлемі қалыпты жағдайда. Қазір мамандар тікұшақпен жоғары жақтан тағы да көріп шығады. Тұрғындар үшін ауыз су мәселесі де шешіледі. Қаладан тасымалдайтын болады. Алматы су мекемесінің басшысы да осында. Қазір 30 су таситын көлік белгіленді. Су құбырлары жөнделеді. Наурызбай ауданының халқымен кездесуге бара жатырмын. Сол кісілерге өзім барып мән-жайды түсіндіремін. Қажет болса осында қайтып келемін. Қарқынды су екі сағатта бәсендейді»,- деді Бақытжан Сағынтаев.








Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Әкім, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT