Алматыдағы «Сайран», «Саяхат» автовокзалдары әкімдік меншігіне қайтарылуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек «Сайран» мен «Саяхат» автобекеттерін мемлекеттік меншікке қайтару жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласының негізгі туристік қақпасы саналатын - Алматы-1 және Алматы-2 стансыларын қайтардық. 2021 жылға қарай жолаушылар әлеуетін 4 есеге арттыру үшін теміржол стансыларын қайта құру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, біз «Сайран» мен «Саяхат» автобекеттерін мемлекеттік меншікке қайтару үшін қажетті жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Бұл қала маңындағы қозғалысты жақсартуға және халықаралық тасымалдауды дамытуға мүмкіндік береді», - деді Бауыржан Байбек « Busworld » көрмесінің ашылуында.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 1 шілдеден бастап Алматы қаласындағы теміржол бекеттері қала меншігіне өтеді.


Авторы: Алма Мұқанова

Соңғы жаңалықтар