Алматыдағы «Сайран» автовокзалының ғимараты жөнделетін болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланы аралау кезінде халықаралық «Сайран» автококзалы мен оған тиісті аумақты, «Саяхат» автобекетін көріп қайтты. Әкім өз сөзінде «Сайранның» баяғыда-ақ халықаралық талаптарға сай келмейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімінің айтуынша, «Сайран» ғимараты күрделі жөндеуді және менеджмент моделін қайта қарауды талап етеді.

Айта кетерлігі, қалалық сервис пен инфрақұрылымды дамыту мақсатында Алматыда қабылданған «Туризмді дамыту бойынша 100 қадам» жол картасы бойынша жұмыс жалғасуда. Бірнеше күн бұрын ғана Алматы-1 және Алматы-2 вокзалдарының қызмет көрсету сапасын жақсарту және оларды күрделі жөндеу бойыынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірлескен жұмыс жоспары қабылданған. Бүгінгі таңда мегаполистің автобус вокзалдары жаңғыртуды қажет етеді. Мысалы «Сайранның» вокзал жанындағы аумағы бегілі бір дәрежеде тұрғызылған, ал аталмыш ғимараттың бірінші қабатының қаптамасы мен қасбеті кеңестік модернизм түрінде жасалған.

Ішкі туризмді дамытуды есепке ала отырып, Бауыржан Байбек вокзалдың жанындағы аумақты тәртіпке келтіріп, күн сайынғы жолаушылар ағыны 1200 адамға жететін автовокзалдың ғимаратына жөндеу жүргізуді тапсырды. Яғни, заңнамаға сәйкес аталған нысанды жергілікті маңыздағы ескерткіштер тізіміне енгізу көзделіп отыр. Айта кетерлігі, бұрын мегаполис басшылығы құны 20,2 млрд теңгелік «Батыс» автовокзалының құрылысы бойынша жобаны кері қайтарған болатын.

«Қаладағы күрделі жөндеу бойынша өткен жылы басталған жұмыстар аясында біз Алматыға тарихи келбетін қайтарып бергелі отырмыз. Ең бірінші кезекте, ғимаратты әу бастағы түр-сипатына қайта келтіріп, жолаушылар ағыны логистикасын сарапшыларды шақыра отырып, қайта қарау керек. Демек, тың амалдар арқылы біз тарихи ғимаратты қалпына келтіріп жатырмыз. Вокзал - қаланың көліктік хабына айналуы тиіс», - деді Бауыржан Байбек.

Қазіргі уақытта автовокзалдың аумағындағы заңсыз құрылыстарды демонтаждау жұмыстары басталып кеткен. Бұл жерде сауда көркін қыздырған кәсіпкерлерге жеңілдетілген шарт бойынша сауда орталықтары мен аудан базарларында орын ұсынылатын болады.

Жұмыс барысында Алматы әкімі қала шетіндегі маршруттарға қызмет көрсету бойынша «Саяхат» автобекеті мен оған жататын аумақты тексеріп шықты. Жер телімдерінің иелері қысқа мерзімнің ішінде аумақты абаттандыру бойынша жұмыс бастап, оны дамытудың нақты тапсырмасын тапсыруға міндеттелді.

Соңғы жаңалықтар