Алматыдағы «Сайран» автовокзалы қалай өзгереді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әуезов ауданы әкімі Әнуар Өскенбаев «Сайран» халықаралық автовокзалының аумағы қалай өзгеретінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«Сайран» автовокзалын жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, халықаралық стандарттарға сәйкестендіру жоспарланып отыр. Біз инвесторлармен келіссөздер жүргізудеміз. Осы уақытқа дейін 120 құрылыс нысанын, бұның ішінде 100 сауда орталығы мен 20 дәмхананы қалпына келтірдік», - деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әнуар Өскенбаев. 

Оның айтуынша, әкімдік автовокзал аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Нысан қазір айтарлықтай өзгеріп, бұрын дүңгіршектер мен дәмханалар жауып тұрған қасбеттік бөлігі ашылды.     

«Бұл жерде үш тілде белгілік көрсеткіштер, бейнебақылау, фастфуд, Wi-fi аймақтары, мұз айдыны, заманауи таксомоторлы тұрақ және жаңа билет сату терминалдары орнатылады», - деп атап өтті әкім.

Сондай-ақ, вокзал маңы алаңы, жаяу жүргіншілер жолы кеңейтіліп, туристік автобустарға арналған тұрақ пен субұрқақтар, жасыл аймақтар пайда болмақ.

Айта кетейік, бұған дейін «Сайран» автовокзалының қайта жөндеуден өтетінін айтқан болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар