Алматыдағы сайлау учаскелерінің референдумға дайындығы қандай
2022 жылғы 2 маусым 12:30

Алматыдағы сайлау учаскелерінің референдумға дайындығы қандай

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізу үшін 574 учаске дайындалды. Олар барлық қажетті затпен жабдықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңызды саяси оқиғаға үш күн қалды. Алматы қаласы республикалық референдум өткізуге сақадай сай. Іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес мегаполисте 1 қалалық, 8 аудандық және 574 учаскелік референдум комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Алматы қалалық референдум комиссиясының мәліметінше, комиссия мүшелерінің жалпы саны 5 мың. Бүгінде тізім жасалды, 2 маусымдағы жағдай бойынша референдумда дауыс беретіндердің саны 1 125 000 адамға жетті. Қатысушылар саны 5 маусымға дейін тағы арттуы мүмкін. Бүгінгі таңда барлық учаскелер 100 пайызға дайын. Материалдық-техникалық база толық қамтамасыз етілген. Солардың бірі, № 359 учаске. Мұнда 2123 дауыс беруші тіркелген. Бәріне шақыру қағаздары таратылған.

«Біздің саулау учаскесінде мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше көңіл бөлінеді. Комиссия мүшелері ол кісілердің үйлеріне барып, шақыру қағаздарын беріп қайтты. Келе алмайтын адамдардың үйіне өзіміз барамыз. Біз толық дайынбыз»,- деді №359 учаскелік референдум комиссиясының хатшысы Жания Елеусізова. Сайлау учаскелерінде тактильді көрсеткіштер, мониторы бар компьютерлер, сондай-ақ зағиптар, нашар көретіндер және нашар еститіндер үшін арнайы құлаққаптар, үстелі бар жасырын дауыс беруге арналған кабина, яғни қосымша жарықтандыруы, трафареттері, оптикалық түзету құралдары және басқа да құралдар бар.

20 мамырдан бастап учаскелік референдум комиссиялары халықпен жұмыс істей бастады. Референдумдаға қатысушылар өз учаскесінің нөмірін бірыңғай Саll орталығына +7(727) 3384545 телефоны бойынша хабарласып, сол жерден өз нөмірі мен мекенжайын біле алады.

Сонымен қатар Call-орталық күн сайын, үзіліссіз және демалыс, дауыс беретін күндері сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін қоңырауларды қабылдайды.

Дауыс беруге арналған учаске туралы ақпарат алу жөніндегі функционал open-almaty.kz сайтында және @ReferendumAlmaty2022Bot Telegram-боты арқылы қолжетімді. Өзіңізді тізімдерден табу және мәлімет алу үшін ЖСН нөмірін енгізу қажет. Учаскелік референдум комиссиялары шақыру қағаздарын тарату және ақпараттық плакаттарды орналастыру үшін пәтерлерді және аулаларды аралап шығуды ұйымдастырды.

Сондай-ақ референдумның өз учаскесінде өзіңізді тізімнен тексеруге және Конституцияға ұсынылатын түзетулерге қатысты ақпарат алуға болады.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT