Алматыдағы сауда, ойын-сауық орталығынан 60 адам эвакуацияланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері өрттің тұтануына байланысты Domillion сауда, ойын-сауық орталығынан 60 адамды эвакуациялады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алатау ауданы, Рысқұлов даңғылы 143 «В» мекенжайы бойынша орналасқан Domillion сауда, ойын-сауық орталығында өрт тұтанғаны туралы хабар сағат 14.34 кезінде түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 8 минуттан соң жетті. Кейіннен мәлім болғанындай, жалын ғимараттағы кабельдердің бірінде қысқа тұйықталудың салдарынан шыққан. Тілсіз жау 0,2 шаршы метр аумақты шарпыды», - деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Төтенше жағдай кезінде өрт сөндірушілер 60 адамды қауіпсіз аймаққа көшірді. Олардың 10-ы балалар.

Соңғы жаңалықтар