Алматыдағы рейд: Полиция «Car city» базарын қоршауға алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы автобөлшектер базарларын тексеру рейдін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін полиция «Car city» базарын қоршауға алды. Тәртіп сақшылары сатушылардың құжаттарын тексеруде.

Құқық қорғаушылар сатушылардың  сауда жүргізуге рұқсат лицензиялары бар-жоғын да анықтауда. Жедел-профилактикалық шараға қалалық ІІД 300 қызметкері, Ұлттық гвардияының  сарбаздары жұмылдырылған.

Еске сала кетейік, кеше «Жібек жолы» автобөлшек базары тексеруді бастаған еді. Жедел профилактикалық шара 29 шілдеге дейін жалғаспақ.

Соңғы жаңалықтар