Алматыдағы «Прайм-Плаза» сауда үйі басшысының бас бостандығы 5 жылға шектелуі мүмкін

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласы Әуезов аудандық соты ғимаратында «Прайм-Плаза» сауда үйінің директоры Ақан Нұрсейітовтің ісі қаралады. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет мәлімдеді.

Мәлім болғандай, сот отырысы сағат 16.00-де басталады. Істі судья Марат Елемесов қарайды. Оның айтуынша, Ақан Нұрсейітов ҚР ҚК 232-бабы бойынша (Міндеттеріне адал қарамау) айыпталып отыр.

Айыпталушы кінәлі болып табылған жағдайда, оған 700-1000 АЕК есебінде айыппұл салынып немесе 5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы қолданылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар