Алматыдағы Педиатрия орталығында «Ақылды сынып» ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында озық қондырғылармен жабдықталған «Smart School»  оқу сыныбы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталықта бүгінгі күні 100-ден астам бала ем алуда. Инновациялық оқу бөлмесі әсіресе, онкологиялық дертке шалдыққан балаларға оң әсерін тигізетіні  көрші Ресей тәжірибесінен белгілі.

Орталық директоры Риза Боранбаеваның айтуынша, смарт-сынып балалардың емін үзбестен білімдерін арттыруға, шығармашылық жағынан дамытуға мүмкіндік береді.

«Бұған дейін кішкентай пациенттеріміз барлық пәндер бойынша палаталарында білім алса, енді білімдерін осы сыныпта жалғастырып, бос уақыттарын қызықты да тиімді өткізетін болады. Ертеңнен бастап сурет салу, конструктор құрау, ағылшын тілін үйрену, шахмат үйірмелері жұмысын бастайды. Бұл өз кезегінде балалардың тезірек жазылып, сауығып кетуіне оң әсерін тигізеді деп сенеміз», - деді Риза Боранбаева.
null

Оның айтуынша, бұл сыныпта музыка мен ертегілердің көмегімен терапия сеанстары өткізіледі. Орталыққа келіп дәріс беретін мұғалімдер, сабақтарды тиімді және қызықты етіп онлайн-режімде де жүргізе алады. Онлайн түрінде өтетін сабақтарға енді төсекке таңылған балалар да қатыса алатын болады.

null

Соңғы жаңалықтар