Алматыдағы өрттің жай-жапсары белгілі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы-Талғар тас жолындағы құрылыс материалдары қоймасында болған өрттің жай-жапсары белгілі болды.

Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Гүлшат Шаймерденқызы айтты.

Оның айтуынша, өрт көлемі 700 шаршы метр аумақты шарпыған. Құрылыс материалдары сақталған бірнеше контейнер мен 2 жүк көлігі мен трактор, электрокар түгі қалмай жанып кетті.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 75 адамы мен 11 техника жұмылдырылды. Төтенше жағдай туралы хабарлама 6:37-де түссе, 8:41-де толығымен сөндірілді.

Соңғы жаңалықтар