Алматыдағы орталық саябақты суару жүйесін автоматтандыруға 270 млн. теңге жұмсалады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы орталық саябақты суару жүйесін автоматтандыруға 270 млн теңге жұмсалады. Бұл туралы бүгін қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Айдын Рахымбетов баспасөз туры барысында мәлім етті.

«Қазір көлемі 46 га аумақты алып жатқан жасыл-желекті суару өте қиын. Сондықтан, автоматтандырылған жүйе енгізілуде. Қазір аталған бағытта саябақ басшылығы жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуде. Құны 270 млн. теңге болатын жоба 2015 жылы жүзеге асатын болады», - деді А.Рахымбетов.

Алматы қаласы Табиғи ресустар және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Оразалин Еркебұланның айтуынша, жекеменшіктен коммуналдық меншікке өткелі бері саябақтың кіреберіс аумағы түгел жөндеуден өткізілді.

«Атап айтқанда, 1300 шаршы метр төсенді гүлзар, 1400 жаздық гүлзар, 1500 ағаш отырғызылды. 900 шаршы метр асфальтті төсеме ауыстырылды. 400-ге жуық қураған ағаш оталып, соншалықты көлемде жас шыбықтар отырғызылды. 350-ге тарта орындық пен 150 қоқыссалғыш орнатылды. Саябақты қайта жаңғыртып, тазалығын қалыптастыруға 150 млн. теңге қаржы жұмсалды», - деді Е.Оразалин.

Сонымен қатар, келушілерге ыңғайлы болу үшін 250 орындық автотұрақ салынуда. Жаңа тұрақ саябақ ішінде автокөліктің жүруін шектеуге арналған.

«Келесі жылдан бастап саябақ ішінде көлік жүруіне тыйым салынады. Осы жобаға 100 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылған», - деп қорытындылады Е.Оразалин.

Соңғы жаңалықтар