Алматыдағы Орталық мемлекеттік мұражай мен Ұлттық кітапханаға лаңкестер шабуыл жасаған - министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта мәдениет, архив, спорт, туризм нысандарына келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

«Елдің тарихи-мәдени мұрасының тізіміне енгізілген объектілердің жағдайы, келтірілген залал туралы ақпарат-нақтыланып жатыр. Бүкіл ел бойынша тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің жай-күйіне талдау жүргізілуде.

Алматыда Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұражайы мен ҚР Ұлттық кітапханасына лаңкестер шабуыл жасаған. Ғимараттардың терезелері мен кіреберісі зақымданған, есіктер сынған, бірақ қорлар мен мұрағаттар сақталған. Қызметкерлердің батылдығының арқасында бұл нысандардың басты мүлкін тонауға жол берілмеді», делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, тарихи-мәдени мұра тізіміне енгізілген нысандарға келтірілген залалға мұқият талдау жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар