Алматыдағы өрт: Ер адамның бетін, аяқ-қолын күйік шалған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда дәрігерлер өрттен жапа шеккен адамдардың хал-жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, тілсіз жаудың кесірінен 2 адам жапа шеккен.

«Олардың біріне медицина мамандары қажетті көмек көрсетіп, бірнеше нұсқаулар беріп, амбулаториялық емдеуге үйіне жіберді. Екінші ер адам №4 ауруханаға жеткізілді.

Ол «бет, қол, аяқ терілерінің күйігі» диагнозымен аурухананың күйік жарақаты бөліміне жатқызылды», - деді баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, бүгін 10:51-де  Мақатаев пен Шәріпов көшелерінің қиылысындағы шағын дүкеннің шатыры отқа оранған болатын.

Өрт сөндірушілер оқиға орнынан 4 газ баллонын сыртқа шығарып үлгерді.

Тілсіз жау 30 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрттен 2 адам жапа шекті.

Соңғы жаңалықтар