Алматыдағы онкология орталығында 2 мыңнан астам операция жасалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы онкология орталығында жыл басынан бері 12 мың науқас емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онкология орталығының бас дәрігері Нұрсұлтан Ізмағамбетовтің айтуынша, жыл басынан бері екі мыңнан астам операция жасалды, 12 мың науқас емделіп шықты. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25,7%-ға артық, (11 812) адам.

«Биыл 2 954 алматылықтан қатерлі ісік анықталды. Сүт безі қатерлі ісігі бірінші орында, екінші орында - тоқ ішек қатерлі ісігі, үшінші орында - өкпенің қатерлі ісігі, төртінші орында - асқазанның қатерлі ісігі, бесінші орында - аналық жыныс безінің қатерлі ісігі. Жүргізілген скрининг нәтижиесі бойынша осы жылдың сегіз айында 148 адамнан қатерлі ісік анықталды» - деді дәрігер.

Маман халықты жыл сайынғы скринингтен өтуге шақырды.

«Скрининг жолымен анықталған қатерлі ісіктер 1-2 аурушаңдық сатысында болады. Мұндай жағдайда ем тәсілі өзінің тиімді әсерін көрсетіп науқастың толығымен емделіп шығуына септігін тигізеді. Сондықтан да скринингтен өту қажет. Ол ерте сатыдағы қатерлі ісікті диагностикалау арқылы толыққанды емдеуіне тиер тиімділігі әбден мүмкін. Аса тым кеш сатыда анықталғандар қиынға түседі, және жағдайы нашарлайды», - дейді Нұрсұлтан Ізмағамбетов.

Жыл басынан бері 2 498 КТ және 368 МРТ жасалып, телепатологияның көмегімен 472 халықаралық кеңес берілді.

Паллиативті көмек көрсету бойынша 3436 мобильді бригада онкологиямен ауыратындарға барды.

«Биылғы жылдың 8 айында еліміздің басқа аумақтарынан 478 онкологиямен ауырған науқастар қайта тіркелді. Өкінішке орай, 112 пациент асқынған қатерлі ісік ауруымен келді, яғни, әр бесінші пациент 3-4 сатыдағы аурумен емделуге келеді. Мұның барлығы асқынушылықтың көрсеткішіне әсерін тигізіп өлім салдарына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, қала бойынша онкологиялық көмек көрсетуде шығын көбейеді» - деді бас дәрігер.


Соңғы жаңалықтар