Алматыдағы өнер колледжінің студенттері бір аптада үш рет эвакуацияланды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының жанындағы колледжіне бір аптада үшінші рет жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаменті мәлім еткендей, қаланың жедел және төтенше жағдайлар қызметтері алғашқы ден қою шаралары аясында білім мекемесіне тексеру жүргізді. Оқушылар мен ұстаздар эвакуацияланды.

«Белгілі болғандай, колледж ғимаратын тексеру кезінде жарылыс құрылғылары табылған жоқ. Білім мекемесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр»,- дейді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айтуынша, қазір полиция білім мекемесіне жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат таратқан адамды анықтап жатыр. Ол қылмыстық жауапқа тартылады.


Соңғы жаңалықтар