Алматыдағы нөсер жауын: Тасқынға қарсы жұмыстар жалғасуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қаланың коммуналдық қызметтері өзен арналары мен арық желісін тазалау жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тасқынға қарсы іс-шаралар коммуналдық қызметтердің бақылауында.

Сағат 13:30-дағы жағдай бойынша Алматы қаласында 18 су басу жағдайы тіркелді, оның ішінде 16 аумақта жұмыстар аяқталды. Оған 86 адам, 20 техника, 1 сорғы станциясы мен 9 мотопомпа жұмылдырылды.

Екі аумақта жұмыстар әлі де жалғасуда: Бостандық ауданы «Бағанашыл» ықшамауданы мен Жетісу ауданындағы «Кемел» ықшамауданы.

«Казселденқорғау» мәліметіне сәйкес, Үлкен Алматы өзені негізгі су деңгейі 201 см, шығын секундына 4,55 текше метр. Кіші Алматы дамбысындағы су деңгейі 50 см, шығын 5,5 текше/сек. Су бөлгіштен Кіші Алматыға 2 текше/сек дейін бағытталуда. Есентай өзеніне 3,5 текше/сек су ағызылды. Су деңгейі төмендеді, жылдамдық орташа.



Соңғы жаңалықтар