Алматыдағы «MOSKVA metropolitan» сауда орталығына тағы да жарылғыш зат қойылды

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «MOSKVA metropolitan» сауда ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін сағат 16:09-да қалалық полиция департаментіне «MOSKVA metropolitan» сауда ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті.

«Ең алдымен сауда орталығына келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланды. Полиция департаментінің жедел басқару орталығының хабарлауынша, қазір тексеру жұмыстары аяқталды. Мина қойылғаны туралы ақпарат жалған болып шықты», - деп хабарлады қалалық полиция департаментіде.

Сондай-ақ Алматы полициясы азаматтарды үрейленбеуге, тыныштық сақтауға, қалада қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауға шақырды.

Еске салайық, Алматыда «MOSKVA metropolitan» сауда ойын-сауық орталығына қатысты мұндай жағдай екінші рет болып тұр. Себебі, бұған дейін де онда «бомба» қойылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар