Алматыдағы MOSKVA metropolitan сауда орталығына осымен төртінші мәрте «бомба қойылды»
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, сауда ойын-сауық орталығына бомба қойылғаны туралы қоңырау 102 пультіне бүгін түскен.
«Сауда ойын-сауық орталығының әкімшілігі, күзет қызметі және құқық қорғау органдары жалға алушылар мен келушілерді эвакуациялау үшін, сондай-ақ, құқық қорғау органдарының іс-шараларды одан әрі жүзеге асыруы үшін тиісті сценарий әзірледі. Қысқа мерзімде қабылданған іс-шаралар нәтижесінде хабарламаның жалған екендігі анықталды», - деп хабарлады ведомстводан.
Алматы полициясы тұрғындарды жүргізіліп жатқан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады.
Бұған дейін «MOSKVA metropolitan» сауда ойын-сауық орталығының келушілері эвакуацияланғанын жазған болтынбыз.
Айта кетейік, аталған орталыққа «бомба қойылды» деген ақпарат маусым айынан бері төртінші рет тарады.