Алматыдағы «Мизам» базарында азық-түліктің орнына жиһаз сатылған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі «Мизам» базарымен жалға алу туралы келісімшартты бұзбақ. Құзырлы органдар қажетті құжаттарды дайындау үстінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2017 жылы қалалық  ауылшаруашылығы басқармасы мен «Mizam Operation» ЖШС арасында меморандумға қол қойылған болатын.

Құжатқа сәйкес Солтүстік айналма жолындағы бұл базар иесі нарықты сапалы тауарлармен қамту туралы міндеттемелерді мойнына алған. 

Осы мақсатта қала құрылысы кеңесінің нұсқаулығымен «Мизам» базары маңында заманауи көтерме-сауда орталығын салу жоспарланған еді.

Алайда, ЖШС меморандумда белгіленген міндеттемелерін толық орындамаған.

Сауа орталығында азық-түлік емес, жиһаз және басқа да тұрмыстық заттар сатылып келген. Сондай-ақ, уағдаласқан сауда орталығы кешенінің орнына тез арада жылдам қарқынмен контейнерлердің қабаты бой көтерген.

nullКелісімге сай болмаса да аталған контейнерлер кәсіпкерлерге жалға беріліп қойған.

Қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау  басқармасы «Мизам» базарында рұқсат құжаттарынсыз, заңсыз 8 мың шаршы метрге созылған контейнерлердің жиынтығы құрылғанын анықтады. Бұл құрылым санитарлық нормаларға сай емес екені белгілі болды.

Базар басшыларына 1,5 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қатар, қала билігі екі жер учаскесін қысқа мерзімді жалға алу келісімшартын бұзу туралы шешім қабылдады.

Айта кету керек, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында базарларды жаңғырту арқылы көлеңкелі экономиканы қысқарту керектігін тапсырған болатын.

Бүгінде Алматыда 57 базардың 17-сі қайта жасалды. Жыл соңына дейін тағы 8 базар жаңғыртылып, пайдалануға берілмек. 2020 жылға дейін 26 базар қалпына келтіріледі.

Соңғы жаңалықтар