Алматыдағы митинг кезінде күш қолдануға шақырған 3 адам ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы санкцияланбаған митинг кезінде зорлық-зомбылық жасауға шақырған 3 адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, ұсталғандардың бірі - 34 жастағы ер адам Алматы облысындағы ауруханалардың бірінде дәрігер болып жұмыс істейді. Ол мессенджер арқылы қоғамды тәртіпсіздік ұйымдастырып, полиция қызметкерлеріне қарулы күш қолдануға шақырған.

Ұсталған тағы екі адамның бірі - Қызылорда қаласының, екіншісі - Өзбекстан тумасы болып шықты. Ұсталған соң олар қазақстандықтарды арандатуға түсіп қалмауға шақырды.

Қазір үшеуі де уақытша оқшаулау орнына қамалған.

Оларға ҚР ҚК 272-бабының 3-бөлімімен билік өкілінің айтқанына қарсы шығып, жаппай бұзақылыққа шақырды деген айып тағылды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді. Тексеру жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар