Алматыдағы метро тағы 5 шақырымға ұзарып, қалада 140 км автожол салынады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының мәслихаты көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарының жобасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоспар шеңберінде «Қалқаман» станциясынан «Барлық» базарына дейін метрополитеннің 5.2 км ұзындығымен бірінші желісінің үшінші кезегін салу , Саин көшесі мен Мөңке би (Ақын Сара) көшесінің қиылысында көлік жолайрығын салу көзделген.

Сонымен қатар, қаланың 8 шағынауданында ұзындығы 140,4 км жол салу жоспарланған.

Олардың қатарында Шапағат, Боралдай, Теректі, Рахат-Мәдениет, Шұғыла, Ақжар, Маяк, Мәдениет шағын аудандары бар.

Ұзындығы 39,7 км болатын 10 магистралды көше тесу арқылы ұзарады.

Жалпы жоспарға сәйкес, әкімдік тарапынан жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 2025 жылға дейін 86%-дан 95% дейін арттыру жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар