+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алматыдағы метро «Алтын Орда» базарына дейін созылатын болды

2021 жылғы 25 қараша 16:20
Бөлісіңіз:
Алматыдағы метро «Алтын Орда» базарына дейін созылатын болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы метросы «Алтын Орда» базарына дейін созылмақ. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Серік Құсайынов брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Астанада күрделі жөндеу жүргізілетін үйлер бойынша бағдарлама әзірленді Семейде 1100 орындық төрт балабақша салынады Нұр-Сұлтан әкімдігі 82 жер учаскесінің иелеріне 1,5 млрд теңге өтемақы төлейтін болды

Оның айтуынша, Алматыда салынып жатқан метроның бағыты түзетіледі.

«Енді метрополитен желісі Қалқаман елді мекені арқылы өтпейді. Батыс арқылы, жаңа Наурызбай ауданы арқылы өтеді. Алатау көшесімен төмен түседі. Қосымша екі станция салынады, соңғысы «Алтын Орда» базарына дейін жетеді. Осылайша Наурызбай ауданының батыс бөлігін қала орталығымен байланыстырамыз», – деді Серік Құсайынов.

Алматы әкімінің орынбасары Серік Құсайыновтың пікірінше, бұл 150 мың тұрғынға ыңғайлы болмақ.

Айта кетейік, Алматыда салынып жатқан «Достық» метро стансасының атауын өзгертіп, оған Бауыржан Момышұлының атын беру ұсынылған болатын.

Достық бекеті Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында салынып жатыр.

Оның техникалық іске қосылуы осы жылдың соңына жоспарланған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT