Алматыдағы мектеп асханаларында қандай бұзушылықтар анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Өткен жылы Алматыдағы бірнеше мектеп асханаларында бірқатар санитарлық бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен көктемде жүргізген мониторинг нәтижелері бойынша мектеп асханаларының 53% талапқа сай жұмыс істемегені анықталды.

«Күзде біз тағы бірнеше рет бақылау жүргіздік. Бұзушылықтар мынандай сипатта болды: тамақ дайындау технологиясын бұзу, санитарлық талаптарды сақтамау, дайын тағамды екінші рет беру, қызметкерлердің жеке гигиенасын сақтамауы. Сонымен қатар қаладағы № 117, № 13, № 112, № 142 және № 44 мектеп асханасында тыйым салынған тағамдар сатылған», - деді Айзат Молдағасимова.

Анықталған бұзушылықтар үшін мектеп асханасын жалдаушы 22 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 1,6 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

«Мектеп асханасын жалдаған үш кәсіпкермен келісімшарт бұзылды. Біздің мектептерде крем өнімдері мен қолданылған майды екінші рет пайдалануға тыйым салынады», - деп түсіндірді департамент басшысы.


Соңғы жаңалықтар