Алматыдағы «Mega Park» маңындағы жол апатына қатысты сараптама нәтижесі шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жол апатына себепкер болған автобус жүргізушісінің қанында алкоголь мен есірткі табылған жоқ. Бұл туралы Алматы прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша жүріп жатыр. Қазіргі уақытта сараптама нәтижесі шықты.

«Қорытындыға сәйкес, автобус жүргізушісінің қанында ішімдік және есірткі заттарының құрамы табылған жоқ. Жол апаты себебін және автобустың техникалық жағдайын анықтау үшін тиісті сараптама тағайындалды», - деп хабарлады прокуратурадан.

Еске салайық, апат 27 ақпанда Сейфуллин даңғылы мен Мақатаев көшесінің қиылысында болған. Белгісіз себептермен автобус екі көлікке соғылып, тротуармен келе жатқан жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Бес адам ауыр жарақат алды.

Кейін ауруханада 58 жастағы әйел көз жұмды.


Соңғы жаңалықтар