+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Алматыдағы медицина ұйымдарына тегін медициналық көмек үшін 72 млрд теңге төленді

2019 жылғы 20 тамыз 12:45
Бөлісіңіз:
Алматыдағы медицина ұйымдарына тегін медициналық көмек үшін 72 млрд теңге төленді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде алматылықтарға тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 72,3 млрд теңге төленді.

Ұқсас жаңалықтар
Елжан Біртанов тегін дәрі-дәрмектің сатылуымен күрес қалай жүргізілетінін айтты Жас дәрігер жол апатына ұшырап, далада жатып қалған жүргізушіні құтқарды Түркістан облысында МӘМС бойынша қызмет көрсететін медициналық ұйымдар көбейіп келеді

2019 жылға бекітілген келісімшарттың жалпы сомасы 114 млрд теңгеден асады. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы хабарлады.

«Бұл қаражат мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетіліп жатқан тегін медициналық көмек үшін төленіп отыр. Сақтандыру пакеті шеңберінде қызмет көрсету 2020 жылы басталады», – деді МСҚ Алматы филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев.

Естеріңізге сала кетсек, Медицинадық сақтандыру қоры 2018 жылдан бері мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын кепілдендірілген тегін көмек пакетінің операторы болып табылады. 2020 жылдан бастап Қор міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтердің ақысын төлей бастамақ.

Жалпы, Алматы қаласында 178 медицина ұйымы Медициналық сақтандыру қорымен мемлекеттік тапсырысты орындау жөнінде келісімшарт бекіткен. Оның басым бөлігі – жекеменшік клиникалар. 2019 жылға бекітілген келісімшарттың жалпы сомасы 114,6 млрд теңгені құрап отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Медицина,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT