Алматыдағы маңызды көлік жолайрығының құрылысы жақында аяқталады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев көлік жолайрықтарын, метро станцияларын құрылысы мен Абай даңғылын ұзарту жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында көлік жолайрығының құрылысы аяқталуға жақын. Рысқұлов даңғылы арқылы өтетін эстакадада жол жабынын орнатуға дайындық жүргізіліп жатыр. Жақын орналасқан аумақ абаттандырылуда.

Эстакаданың ұзындығы – 186 метр. Бұрындары жеке бүйірлі съездер бойынша көлік қозғалысы ашылған болатын. Жолайрық Рысқұлов даңғылы бойынша көлік өткізу қабілетін тәулігіне 80 мың автомобильге дейін, Емцов көшесі бойынша – 40 мыңға дейін арттырады.
Сонымен қатар Алматы әкімі Момышұлы көшесінен Наурызбай ауданының әкімшілік орталығына дейінгі ұзындығы 3,5 шақырым учаскенің құрылысы мен Абай даңғылын ұзарту жұмыстарының барысымен танысты.


Әр бағытта қозғалыс үшін 3 жолақ қарастырылған. Әшімов көшесінің үстінен 400 метрлік эстакада салу жалғасуда. Бұл учаскедегі қозғалыс уақытша сызба бойынша ұйымдастырылады.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев сондай-ақ аралық тоннельдерден және «Сарыарқа» және «Б. Момышұлы» екі станциядан тұратын метрополитеннің екінші іске қосу кешені объектілерінің құрылыс барысын тексерді. Мұнда әрлеу жұмыстары аяқталып, жабдықтар орнатылуда және электромонтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Бұдан өзге мегаполис әкімі Жандосов көшесіндегі автобус көше-жол желісін реконструкциялау жұмыстарының ауқымын бағалады. Сүлейменов көшесінен Үлкен Алматы өзеніне дейінгі учаскенің ұзындығы 1 шақырым.
Осылайша, Мұстафин - Сүлейменов - Жандосов - Тимирязев көшелерімен Желтоқсан көшесіне дейін ұзындығы 8,7 шақырым БРТ желісінің бірінші учаскесінің құрылысы аяқталады.
Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі «Қалқаман-2» шағын ауданындағы 1800 орынды мектеп құрылысының барысымен танысты. Құрылыс жыл соңына дейін аяқталады.


Соңғы жаңалықтар