Алматыдағы LRT желісі 2027 жылы іске қосылады

None
Фото: almaty-lrt.kz
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда жеңіл рельсті көліктің бірінші желісі 2027 жылы іске қосылады. Бұл туралы «Қаланы дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларын» бекіту бойынша мәслихаттың кезектен тыс сессиясында әкім орынбасары Асқар Амрин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің сөзінше, әлемнің ірі қалаларында азаматтар негізінен жүрдек көлік – метро, LRT, BRT жүреді. Автобус, велосипед, самокат қысқа қашықтыққа жүру үшін қолданылады.

«2025 жылға дейін қолданыстағы BRT желісі «Шығыс қақпасы» полиорталығына дейін ұзартылып, Райымбек даңғылы бойымен жаңа BRT желісі іске қосылады. 2025 жылы Қалқаман метро стансасы пайдалануға беріліп, батыс бағыттағы келесі үш стансаның құрылысы басталады. 2027 жылға қарай Төле би көшесінің бойында жүрдек жеңіл рельсті жолдың бірінші желісін іске қосамыз», - деді әкім орынбасары.

Сонымен қатар ол арнайы жолақтарды енгізу және интеллектуалды көлік жүйесін дамыту арқылы автобустар мен троллейбустардың саны артатынын тілге тиек етті.

Бұған дейін қала әкімі Ерболат Досаев Алматыға LRT желісі керек екенің айтып, оны салу мәселесі қазанның басына дейін шешілетінін айтқан болатын.

LRT желісінің құрылысы 2020 жылға жоспарланған болатын. Жобаның инвестициялық құны – 94 203 млн теңге. Сонымен қатар, əкімдік жеңіл рельсті көлік желісін салу үшін жолда орналасқан қажетті жер телімдерін сатып алмақ болған.


Фото: almaty-lrt.kz




Соңғы жаңалықтар