+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Алматыдағы LRT құрылысын кімдер жүзеге асырады

2019 жылғы 22 шілде 13:32
Бөлісіңіз:
Алматыдағы LRT құрылысын кімдер жүзеге асырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрғасының орынбасары Айдос Көбетов Алматыда LRT желісі құрылысының жобасы қандай прициппен жүзеге асырылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайда екі шағын аудан салынады Нұр-Сұлтан қаласында тазарту құрылғыларының құрылысы басталды Жол сапасын бақылаудың маңызы зор – Замир Сағынов

«Алматыда LRT жобасы бар және оны мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша іске асыру ескерілген. Жоба екінші кезең деңгейінде тұр. Яғни жобаны жүзеге асырудың екі кезеңдік тетігі бар, бұл ретте әріптестердің өздері тиісті қаржылық-техникалық, заңгерлік шешімдерді ұсынады», - деді Айдос Көбетов Үкімет үйіндегі брифингте.

Осы орайда ол бірінші конкурстың нәтижесін жариялады.

«Бірінші конкурстың қорытындысы бойынша консорциумдағы 9 компания ішінен төртеуі өтті. Олардың құрамында Түркия, Жапония, Франция және Оңтүстік Корея бар. Атап айтқанда, бұл жоба аясында қыркүйек-тамызда екінші кезең бойынша рәсімдерді бастау көзделген. Осы ретте жоба алдында белгіленген мерзімде іске асырылмақ», - деді А. Көбетов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматыда жеңіл рельсті көлік желісін (LRT) 2023 жылы іске қосу жоспарланып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Құрылыс, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT