Алматыдағы құрылыс компанияларына айыппұл салынуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Алматыда қауіпсіздік ережелерін сақтамаған құрылыс компанияларына айыппұл салынады. Бұл туралы Қала құрылысын бақылау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қала әкімі тапсырмасы бойынша құрылыс барысын бақылау күшейтілді. Бірінші кезеңде салынып жатқан бүкіл 84 тұрғын үй кешені бірқатар критерий бойынша тексеріледі. Анықталған заңсыздықтарды жою ескертілді. Құрылысшылармен әңгіме жүргізілді, мәселе бақылауда», - деп хабарлады басқармадан.

Ведомство мәліметке сәйкес, бұған дейін ӘҚБтК-нің 312-бабы бойынша «Investment Building Company», «Самұрық, Барлас құрылыс», «Sheberbuild», «Exclusive construction», «Риголит», «Salavat stroy», «Диал-строй», «АСИ-строй», «Asia Stroy-ST», «Kaz Engineer system», «Крафтин строй», «Nest stroy», «Energy art stroy», «Жаннат Строй», «Сонита строй» және басқалары жауапқа тартылды.

«Қауіпсіздік техникасы бойынша құрылыс кезінде нысандар қоршалуы тиіс, жұмыстың түрлі кезеңдерінде қорғаныс торлары, қорғау-ұстау жүйесі пайдаланылуы керек. Құрылысшылар өз кезегінде арнайы киіммен, оның ішінде сақтандыру белдіктерімен қамтамасыз етілуі қажет», - деп атап өтті ведомствадан.

Айта кетейік, мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев барлық құрылыс алаңында қауіпсіздік ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырған болатын.


Соңғы жаңалықтар