Алматыдағы қойма өрті 4 сағаттан бері сөндірілмей жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жетісу ауданында өртке оранған қойманы полицейлер қоршауға алды, өрт сөндірушілер қызыл жалынмен күресуді жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір өртеніп жатқан аймақты полицейлер қоршауға алды. Жергілікті тұрғындар төтенше жағдайды бақылап тұр.

«Маған мұнай өнімдерінің қоймасы жанып жатқандай көрінеді. Мұнда лак пен бояу өнімдерін шығаратын кәсіпорын бар. Демек, мұнда бояулармен бірге химиялық еріткіштер де сақталады. Өздеріңіз көріп отырсыздар, өрт сөндірушілер тілсіз жаумен төрт сағаттан бері арпалысып жатыр. Бірақ, сөнетін түрі жоқ. Абырой болғанда далада жел жоқ. Әйтпесе, өрт тұрғын үй секторына жайылар еді. Жақын жерде, шамамен 200 метр қашықтықта жанармай құю станциясы орналасқан, онда автомобильдер газ толтырады. Бұл қауіпті», - дейді жергілікті тұрғындар.

Дәл қазіргі уақытта тікұшақпен 50 тонна су бүркілді.



Соңғы жаңалықтар