Алматыдағы көрмеге Осман империясының Қазақстанмен байланысы туралы құжаттар қойылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Орталық музейінде «Османлы мемлекеті мен Орта Азия хандықтары қарым-қатынастарының құжаттары» атты көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін біздің музей төрінде Осман мемлекеті мен қазақ хандығы арасындағы, мұсылман мемлекеттері арасындағы қарым қатынастың тарихынан сыр шертетін үлкен көрме ашылып жатыр. Бұл өте қуанышты нәрсе. Күні кеше бізде мемлекет болмаған деген әңгімелер болды. Біздегі құжаттардың көбісі Ресей империясы, негізгі ізденістер бағыты орыс, ағылшын тіліндегі құжаттар болатын. Бүгінгі көрмеге қойылған жүздеген жыл тарихы бар Осман мемлекетінің құжаттары олардың архивтерінде жатқан құжаттардың қазақ оқырманына көрсетілген ең алғашқы қарлығашы. Оны айтып тұрғаным, өскелең тарихшылар, ізденушілер үшін тарихи ізденістің жаңа бағыты десек болады. Түркия мен Қазақстан елінің дініміз, тіліміз бір, мәдениетіміз ортақ. Түрік мемлекеті архивтерінде қанша құжаттар бар біз біле бермейтін. Соның бәрі жарыққа шықса, қазақ тарихына қосылатын өлшеусіз үлес деп ойлаймын», - деді ҚР Орталық музейі директорының орынбасары Бейбітқали Қақабаев.null 

Көрмеге Османлы мемлекеті мен Орта Азия хандықтарының қарым-қатынастарын баяндайтын 40  құжат қойылады. Олардың барлығы Түркия мемлекетіне қарасты Османлы мұрағатынан алынған. Бұл құжаттардың арасынан қазақ ханы Мұхаммет Қайып хан мен Османлы сұлтанының 1713 жылы жазылған хаттары сияқты деректер Қазақстан халқына тұңғыш рет ұсынылады.null 

Сондай-ақ Бұхара, Хиуа және Қоқан хандықтары мен Османлы мемлекетінің қарым-қатынастарын көрсететін басқа хаттар, Түркістан аймағының Берлинде басылған картасы (1862 жыл) тәрізді маңызды деректер мен карталар бар.

Экспонаттардың арасында Түркия мемлекеттік архивінің тартуы ретінде  қазақтардың Түркияға көшуіне қатысты қосымша құжаттар да болды.null 

Көрменің ашылуында  Түркия Республикасы Премьер-Министрлігіне қарасты Мемлекеттік мұрағаттар басқармасының бас директоры, профессор Угур Үнал, Қазақстандық архив қызметкерлері  мен тарихшылар бас қосты.null 

Көрме Осман империясының XVIII-XIX ғғ. ортасындағы Орта Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасындағы сыртқы саяси қызметінің тарихын бейнелейді және келушілерге Түркияның мемлекеттік мұрағаты ұсынған мұрағаттық құжаттармен танысуға мүмкіндік береді. 

Көрмеге Қазақ ханы Қайып Мұхаммедке жолданған сұлтан хатының көшірмесі (1713 жылғы 21 тамыз), Қайып Мұхаммед хан жолдаған бөлек сый-сияпат тіркелген 10 дәптердің көшірмесі (1713 жылғы  21 тамыз), Қайып Мұхаммедтің елшісі Сейіт Мұхаммедқұл бей тапсырған хаттың аудармасының көшірмесі (1714 жыл 16 қаңтар), Қазақ ханы Қайып Мұхаммедтің  елшісі Мұхаммед құлдың ауызша сәлемінің қағазға түсірілген нұсқасы (1714 жылғы 16 қаңтар), Қазақ ханы Қайып Мұхаммедтен келген хаттың көшірмесі (хатта Османлы мемлекетінің шынайы досы екендері, әрдайым дұға ететіндері туралы жазылған, 1716 жылғы  14 желтоқсан), М. Лессардың Орта Азия саяхаты туралы «Central Asia No1» деп аталатын рапортының таныстырылымы (1883 жыл) қойылған.

null null  null null null null 

Соңғы жаңалықтар