Алматыдағы көппәтерлі тұрғын үйлердің жартысынан көбі жаңа нысанға ауысты

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қазіргі таңда 857 мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) құрылды. Бұл туралы брифинг барысында қалалық тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Данияр Қырықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің сөзінше, Алматы қаласында елдегі ең ірі тұрғын үй қоры бар, оның 820-дан астам басқару органдарына қызмет көрсететін 8 879 көппәтерлі тұрғын үй (КПТҮ) бар. Оның 7 129 -ы басқарудың жаңа нысанына көшуге жатады.

«Біз қалалық Жол картасын, сондай-ақ тұрғындар арасында жиналыс өткізу кестесін бекіттік. Тұрғындармен және қолданыстағы басқару органдарының басшыларымен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін тұрғын үй инспекциясы мен аудандық әкімдіктердің аппараттары өкілдерінің қатысуымен аудандар бойынша сегіз мобильді топ құрылды», - дейді Данияр Қырықбаев.

Сонымен қатар ол көппәтерлі тұрғын үйдің 4 мыңға жуығы басқарудың жаңа нысанына көшкенін атап өтті.

«Бүгінгі жағдай бойынша Алматыда тіркелген 4 294 көппәтерлі тұрғын үйдің 3 983 жаңа нысанға көшті. Оның ішінде 857 мүлік меншік иелерінің бірлестігі (МИБ) және 3 126 қарапайым серіктестік (ҚС), бұл нәтижесінде 60,2%-ды құрайды. Қолданыстағы басқару органдарына келетін болсақ, олар 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін үйге арналған қолда бар құжаттаманы МИБ төрағасына немесе ҚС уәкілетті өкіліне беруге міндетті»,- деді спикер.


Соңғы жаңалықтар