Алматыдағы көпқабатты үйдің қабырғасы түркі символымен әрленді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда монументалды өнердің «MURAL FEST» IV халықаралық фестивалі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фестиваль аясында Назарбаев пен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысындағы үйдің қасбетінде этникалық белгі пайда болды.

Бұл туралы фестиваль кураторы Мөлдір Бекжан Instagram парақшасында жариялады.

«Бөлтірігін қорғаған құртқаның суреті салынды. Бөлтірік адам бейнесінде салынды. Эскиз авторы белгілі суретші Мұхит Ақанаев. Ол адам мен табиғаттың бірлігін айтқысы келді. Қасқыр түркі заманынан бері біздің тотем жануарымыз болып келеді»,- деді Мөлдір Бекжан.


Суреттің төменгі жағында көне түркі жазбасы мен «Тәңірі» деп жазылған. Ежелгі руна жазбасы орталық Азияда біздің дәуіріміздегі VIII-X ғасырларында қолданылған.

Суретті жас өнерпаздар Аманқұл Нұрболат пен Кеңес Бекболат жүзеге асырды.





Соңғы жаңалықтар