Алматыдағы көпқабатты үйдегі өрт: Жалын 1500 шаршы метр аумақты шарпыды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда төрт қабатты тұрғын үйден шыққан өрт оқшауланды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, өрт сөндірушілер Н. Назарбаев даңғылы 124 мекенжайында төрт қабатты үйден шыққан өртті оқшаулады.

Алдын ала болжам бойынша өрт 1500 шаршы метрді шарпыды.

Тұрғындар дер кезінде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.

«Өрт оқшауланды, үшінші, екінші, бірінші қабатты өрттен аман алып қалды. Сондай-ақ қазір үйінділерді алып тастау және су төгу жұмыстары жүргізілуде. Жан-жақтан төрт жауынгер учаске құрылып, барлық периметр бойынша 14 әмбебап өрт сөндіру оқпандары енгізілді»,-деді қалалық ТЖД ресми өкілі Гүлдана Нұрымбетова.

Бұған дейін Алматыда көпқабатты үйден өрт шыққаны туралы жазған болатынбыз.

Айта кетейік, қызыл жалынды ауыздықтауға 28 техника мен жеке құрамынан 90 астам адам жұмылдырылды. Оқиға орнында арнайы штаб құрылды. Сонымен қатар, көше толық жабылды.


Соңғы жаңалықтар