Алматыдағы көліктердің «бәйгесі»: Бес адам зардап шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы маңындағы Іле тасжолында ірі жол апатынан 5 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Іле трассасында Алматы облысына бара жатқан жолда, Жұлдыз шағын ауданына жақын жерде болған.

Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, Іле тасжолымен оңтүстікке қарай бет алған Toyota мен Hyundai көліктері жарысып, бір-бірін жол шетіне қысып келе жатқан. Алдарынан қарама-қарсы бағытта Nissan маркалы джип шыққан. Жарысушылардың бірі - Hyundai автомобилінің жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, джиппен соғысқан.

Жол апаты салдарынан 5 адам - джиптегі үш жолаушы мен жеңіл көліктегі екі адам зардап шекті. Олардың барлығы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. 

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар