Алматыдағы көлік саласын қандай реформа күтіп тұр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан инвестициялық форум барысында қала әкімі Бауыржан Байбек инфрақұрылымдық жобалар мен көлік жүйесіндегі өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімнің айтуынша, қазір қалаға 700 мыңнан аса көлік кіріп-шығады. Сарапшылар кептеліс кесірінен қала 600 млн теңге шамасындағы табысты жоғалтып отырғанын айтқан.

«Сондықтан, кешенді көлік реформасы қоғамдық көлік сапасын арттыруға, экологияны жақсартуға, бизнес шығындарын азайтуға  бағытталған», - деді Б.Байбек Almaty Invest forum барысында.

Айта кетерлігі, соңғы 10 жылда қалада 30-дан аса жол айрығы салынған. Жақын арада 3 нысан пайдалануға беріледі. Бұл нысан пайдалануға берілсе, кіші көлік «сақинасын» құруға мүмкіндік пайда болады.

Сонымен қатар, қалада мемлекеттік жекеменшік әріптестік бойынша Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы басталды.

«Құны 1,4 млрд доллар болатын бұл ауқымды жоба Алматыны Батыс Еуропа-Батыс Қытай көлік дәлізінің бір торабына айналдырады. Үлкен Алматы жолының арқасында Алматыға бір тәулікте кіретін көліктердің 40 000 мыңы сырттан айналып өтетін болады. Үлкен жоба арқылы сервистік компанияларға жақсы инвестиция тартуға болады», - деді Бауыржан Байбек.
null 

Одан бөлек, қалада 2 темір жол вокзалы қайта жаңғыртудан өтіп жатыр. Жекеменшік инвестициялар есебінен Алматы әуежайын қайта жасау жоспарланып отыр. Бұл әуежайдың өткізу мүмкіндігін 2,5 есе, яғни 13 млн жолаушыға дейін арттырады.

Алматыда бірінші рет BRT желісі іске қосылды. Заманауи электробус шығаратын «Falcon Eurobus» зауыты ашылды. Әкім көлік саласындағы ең көп инвестиция салынатын ірі жобалардың бірі - метро мен ЛРТ екендігін айтты.

Соңғы жаңалықтар