Алматыдағы көлік коллапсының себебі анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі көшенің қиылысында бағдаршамдар жұмысы 10 минутқа тоқтап қалып, кептеліс туындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бағдаршамның жасыл түсі тек Тимирязев көшесімен келе жатқан жүргізушілерге 10 минутқа жуық уақыт жанып тұрды. Соның салдарынан жолда үлкен кептеліс пайда болды.

Наразы болған жүргізушілер қызылға жүре бастады. Айта кету керек, қиылыста қозғалысты реттейтін жол-патрульдік қызметі болған жоқ.

Көше бойында пайда болған коллапстың себебін қалалық бағдаршам қызметі түсіндірді.

Кезекші оператор Ирина Бабчуктың айтуынша, бағдаршамдар істен шыққан жоқ, штаттық режімде жұмыс жасап тұрды. Тек белгілі бір тұлғалардың көліктері өтуі үшін ілесіп жүру болғанын айтты.

«Жароков-Тимирязев, Гагарин-Тимирязев көшелерінің қиылысындағы бағдаршамдар бір бағытты көп өткізген себебі - белгілі бір көліктерге ілесіп жүру болған. Қозғалысты реттеушілерге ол жерде тұру шарт емес. Олар жол қозғалысын компьютер арқылы қашықтан реттеп отырды», - деді Ирина Бабчук.

Кезекші оператор басқа қандай көшелерде бағдаршамдар уақытша тоқтатылғанын және қандай тұлғалардың көліктеріне ілесіп жүру болғанын айтпады. 

Соңғы жаңалықтар