Алматыдағы көлік апаты: Зардап шеккендер саны өсті

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда соқтығыстан 2 автобус кезінде әртүрлі жарақат алған 17 адам ауруханаларға жеткізілді. Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Қаланың ауруханаларына әртүрлі жарақат алған 17 адам жеткізілді. Жалпы көлік апаты салдарынан 19 адам зардап шекті, біреуі медициналық көмектен бас тартты. Бір жәбірленуші жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды»,- делінген ведомство хабарламасында.

Еске салайық, бүгін Алматыда Төле би - Абылай хан көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысты. Апаттан 1 адам көз жұмып, 15-і зардап шеккені туралы алдын ала хабарланды.


Видеодан алынған кадр

Соңғы жаңалықтар