Алматыдағы Көкбазарда тағы 1 адамнан коронавирус табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы Көкбазарындағы эпидемиологиялық ахуал жайлы қаланың бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жандарбек Бекшин базар әкімшілігіне 3 апта бұрын ескерту айтқанын жеткізді.

«Көкбазарды тексеру кезінде әкімшілігіне ескерту айтқанмын. Тепловизорлар болмады, қашықтық белгілері жоқ, жұмыскерлердың қауіпсіздігі сақталмаған. Олардың көпшілігі санитариялық кітапшасыз жұмыс істеген», - деді Жандарбек Бекшин.

Бас санитариялық дәрігер көпшіліктің айыппұл туралы сыни пікірін еске алды.

«Біз айыппұл саламыз дегенде, көпшілігі наразылық білдірді. Ал соның кесірінен алдында базар әкімшілігінен 20 адам анықталса, кеше тағы 1 адам анықталды. Әлбетте, олар жұмыскерлерге арналған кіреберістен кірген. Ол жерде тепловизор болмаған. Әзірге сатушылар арасында вирус жұқтырғандар тіркелген жоқ. Эпидемиологиялық талаптардың сақталмауы санитарлық нормалардың 42-бабымен реттеледі. Егер ол шағын бизнес субьектісіне жатса, 500 мыңға жуық айыппұл салынса, ірі бизнеске 4 млн теңгеге дейін айыппұл қарастырылған», - деді Ж.Бекшин.

Айта кету керек, Алматыдағы Көкбазар әкімшілігінде 20 адам коронавирус жұқтырғаны туралы кеше хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар