Алматыдағы қоғамдық орындарда күзет күшейтілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қалалық Полиция департаменті демалыс күндері шектеу шаралары болатынын ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көшеде азаматтардың көп жүретін жерлер, саябақтар, алаңдар, өзен жағалаулары, сауда және ойын-сауық орталықтарын күзетуге көңіл бөлінеді. Бұл нысандар - жабық. Сонымен қатар, халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Пандемия қаупінің қаншалықты маңызды екенін оның таралу дәрежесін әркім білуі және коронавирустық инфекцияға қарсы тұрудағы біздің жауапкершілігімізді білу өте маңызды. Санитарлық-гигиеналық нормаларды қатаң сақтауды, медициналық бетперде киюді және әлеуметтік қашықтықты ұстауды ескертеміз «, - деді Алматы қалалық ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.

Айта кету керек, жақында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өткенін жазған едік. Онда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қаралды.

Осыған байланысты қала әкімі карантин шаралары туралы мәлімдеме жасаған еді.


Соңғы жаңалықтар