+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Алматыдағы қоғамдық көлік жүргізушілерінің барлығы тексеріледі

2019 жылғы 18 қазан 13:31
Бөлісіңіз:
Алматыдағы қоғамдық көлік жүргізушілерінің барлығы тексеріледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілерін жаппай тексеріс күтіп түр. Бұған себеп, есірткі қолданған әріптестерінің қылығы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Британияда ет турамасының арасынан  200 келі кокаин табылды Ақтауда автобустағы жолақы 80 теңге болып қымбаттауы мүмкін Елордада қала маңына қатынайтын автобус бағдарлары тоқтатылды

«2019 жылдың 17 қазанында жол полициясы құжаттарды тексеру барысында № 103 бағдардағы автобустың жүргізушісін ұстады. Оның мінез-құлқы мен өзін-өзі ұстауы күдік тудырған. Полиция қызметкерлері бірден оны медициналық тексерістен өтуге алып барған. Факт расталды. Осыдан кейін жүргізуші жұмыстан шеттетіліп, кәсіпорында аталған факті бойынша қызметтік тергеу басталды», - деп хабарлайды «АлматыЭлектротранс» ЖШС.

Қызметтік тексеру нәтижесі бойынша, қоғамдық көлік жүргізушісі таңертең жоспарлы медициналық тексерістен өткендігі анықталды.

Тасымалдаушы компанияның хабарлауынша, қазіргі уақытта жүргізушінің «есенгірететін шөпті» қайда, қашан және қандай жағдайда қолданғаны анықталуда.

«Алматыэлектротранс» ЖШС атынан осы жағдай үшін кешірім сұраймыз. Мұндай факті бізді де таң қалдырды. Біз енді жаппай тексеруді бастаймыз», - деді «Алматыэлектротранс» ЖШС.

Естеріңізге салайық, кеше Алматыда есірткі қолданған автобус жүргізушісі ұсталды. Ол жолаушыларды тасымалдаған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT