Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйіндегі караоке-бар келушілерді қабылдаған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Каранитинде Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйінің жоғары қабатында орналасқан караоке-бар, келушілерді қабылдаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық ПД хабарлауынша, арнайы мобильді топ бұл мекемеге түн ортасында келген. Броньдау тізімінен ән айтқысы келгендерді күзетшілер барға дейін апаратын бір лифтке нұсқап жіберіп отырған.

«Тексеру кезінде караоке-клубта 35 адам болған. Олар жеке қауіпсіздік шараларын естен шығарған. ҚР ӘҚбК-нің 425-бабына сәйкес әр құқық бұзушыға қатысты ДККБТУ қызметкерлері әкімшілік материалдарды жинады.

Естеріңізге сала кетейік, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды елемегені үшін заңнамада 30 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған»,-делінген хабарламада.

Мегополисте рейдтік іс-шаралар жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар