Алматыдағы кәсіпқой бокс кешінде бірқатар қазақстандық рингке шығады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 27 ақпанда Алматыда MTK Fight Night кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бокс кешін әлемдегі кәсіпқой боксшыларды ілгерілету жөніндегі ұйым саналатын MTK Global менеджерлік компаниясы MTK Kazakhstan филиалымен және TOP Rank промоутерлік компаниясымен бірге өткізеді. Басты жекпе-жекте шаршы алаңға Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев (2-0, 2КО) шығады. Оның қарсыласы – ұлыбритандық Стивен Уорд. Boxrec.com әлемдік статистикалық порталының нұсқасы бойынша ауыр салмақтағы боксшылардың жаһандық рейтингінде 86-орында тұрған британдық кәсіпқой шаршы алаңда өзінің жарқын жекпе-жектерімен жанкүйерлерінің есінде.

Сонымен қатар қазіргі уақытта АҚШ-та тұрып, тыңғылықты жаттығып жатқан Қазақстан боксшысы Жәнібек Әлімханұлы да Алматыдағы кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетеді. Жәнібектің қарсыласы таяу күндері белгілі болмақ.

Мұнан бөлек, дәл осы күні MTK Kazakhstan менеджерлік компаниясы атынан кәсіпқой шаршы алаңда өнер көрсететін Абай Төлеш, Талғат Шайкен, Әли Балоев, Нұрдос Төлебай, Нұртас Әжбенов, MTK Global Kazakhstan Golden Contraсt ауқымды жобасының жеңімпаздары Торғынбек Әміровпен Нұрбол Сұлтанбай жекпе-жекке шығады.

Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты көрерменсіз өтетін кәсіпқой бокс кешін ESPN телеарнасының және британдық «IFLTV» стримингтік тұғырнаманың тікелей эфирінен тамашалауға болады.


Соңғы жаңалықтар