Алматыдағы кәсіпқой бокс кеші: Ангелина Лукас UBO чемпионы атанды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (2-0, 1 КО) Алматыда өтіп жатқан кеште кәсіпқой рингтегі үшінші айқасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

А.Лукас UBO нұсқасы бойынша екінші аса жеңіл салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін Танзания өкілі Лулу Каягемен (8-8-4, 2 КО) кездесті.

Жекпе-жек екі минуттан 10 раундқа есептелді және ол қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. Екінші раундтан кейін А.Лукастың қарсыласы айқасты жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, Ангелина Лукас кәсіпқой бокста үшінші рет жеңіске жетті және UBO-ның әлем чемпионы атанды.

Ал Лулу Каяге профи-рингте тоғызыншы рет жығылды. Еске салайық, Ангелина осыған дейінгі жекпе-жегінде UBO International титулын жеңіп алған болатын.

Қазақстан боксшылары 11 желтоқсан күні Алматыдағы «Барыс Аренада» өтетін кеште бірден үш титулды айқас өткізетінін жазған едік.

Басты жекпе-жекте бірінші жартылай орта салмақтағы Жанқош Тұраров пен Луис Энрике Ромеро жартылай орта салмақтағы IBO Intercontinental чемпионы атағын сарапқа салады.


Соңғы жаңалықтар