Алматыдағы қар көшкіні: ТЖД ескерту жасады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тауларында жасанды қар көшкіні жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған дейін қалалық ТЖД Үлкен және кіші Алматы шатқалдарында қардың көп түсуіне байланысты профилактикалық қар көшкіні жоспарланғанын хабарлаған болатын. Алайда толассыз қар жаууына байланысты жасанды қар көшкінін жүргізу кейінге қалдырып келген.

Бүгін күн Медеу, Бутаковка автожолдарында, Экопосттан жоғары 3 мәрте жасанды қар көшкіні жіберілді.

Екі жолды 200 және 600 текше метр қар басып қалды. Оны тазалауға «Қазселденқорғау» ММ 5 техникасы мен 9 қызметкері жұмылдырылды.

ТЖД өкілдері алматылықтар мен қонақтарға таулы аймаққа серуенге шықпауға кеңес берді.

Соңғы жаңалықтар