Алматыдағы ірі сауда үйіне төртінші рет бомба қойылды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыдағы MOSKVA Metropolitan ойын-сауық орталығының қызметкерлері мен келушілері тағы да эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, сауда үйлерінің бірінде бомба қойылды деген хабар полицияға 7 шілде күні сағат 12:12-де түскен.

«Мұндай хабарламаларға алғашқы жауап беру алгоритмі аясында бірінші кезекте келушілер мен орталық қызметкерлері эвакуацияланды. Мамандар жүргізген тексеруден кейін хабарламаның жалған екені, жарылғыш зат табылмағаны белгілі болды»,- деп хабарлады ведомствадан.

Айта кетейік, орталықта бомба қойылды деген шақыру полицияға шілденің 4-і күні де түскен болатын. Осыған ұқсас сипаттағы алдыңғы хабарламалар 21 және 12 маусымда болған.

Барлық жағдайда ақпарат жалған болып шықты .


Соңғы жаңалықтар