Алматыдағы ірі сауда, ойын-сауық орталықтары өз жұмысын уақытша тоқтатты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы террористік қауіптіліктің қызыл деңгейіне байланысты бірақатар ірі сауда, ойын-сауық орталықтары мен дүкендер өз жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлады сауда, ойын-сауық орталықтарының әкімшілігі әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында.

Алматы қаласы бойынша «Ұстау» арнайы жоспары енгізілді. Полиция қызметкерлері арасында қаза тапқандар бар.

Айта кетейік, бүгін Алматының бірнеше ауданында белгісіз біреулер  оқ жаудырды - қазір Алматыдағы ҰҚКД ғимараты, Абылайхан көшесі толығымен, Абай даңғылы қоршауға алынды. Жедел жәрдем ауруханасының кезекші бөлімі 5 адамның жарақат алып түскенін, әлі де зардап шегушілердің келіп жатқанын айтты.

Куәгерлердің айтуынша, полиция қызметкерлері мен белгісіз біреулердің арасында қарулы қақтығыс болған. Алдын ала деректер бойынша, полиция арасында жарақат алғандар бар. Қалалық ІІД Алматы қаласы аумағында терроризмге қарсы операция жүргізу туралы жариялады.

Бүгін, 18 шілде күні,  Астана уақытымен 12:20-да Алматы қаласының аумағында террористік қауіптіліктің қызыл деңгейі белгіленді, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметі.

«Осыған байланысты, қала тұрғындары мен қонақтарын аталған деңгейде қарастырылған талаптарды сақтауға шақырамыз», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар