+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Алматыдағы инвестициялық жобалар: 5 мың жұмыс орны ашылмақ

2021 жылғы 13 қаңтар 14:14
Бөлісіңіз:
Алматыдағы инвестициялық  жобалар: 5 мың жұмыс орны ашылмақ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 2021 жылы 92 жаңа нысан пайдалануға беріледі, деп хабарплайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жұмыспен қамтудың жол картасы: Қарағанды облысында биыл 19 ірі жоба іске асырылады Электрондық еңбек биржасында біліктілікке қарайтын 165 мың бос жұмыс орны тұр Алматыда 23 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында ағымдағы жылы инвестициялық жобаларды іске асырудың барысы қаралды.

Қабылданған жүйелі шаралардың арқасында Алматы елдің инвестициялық барынша тартымды қалаларының біріне айналды.

Биылғы жылы қала өнеркәсіп, құрылыс, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, сауда және қызмет көрсету салаларында бірден 92 жобаны жүзеге асыруды жоспарлауда.

Инвестиция тартуда тұрғын үй, өндірістік және әлеуметтік нысандарды салу негізгі қозғаушы күш.

Мәселен, жылжымайтын мүлік саласында жалпы сомасы 66,9 млрд теңге болатын 34 көпсалалы тұрғын үй кешенін пайдалануға беру көзделген.

Өнеркәсіп саласында жалпы сомасы 37,6 млрд теңгені құрайтын 20 жобаны, Индустриалды аймақ аумағында 10 жобаны («Novus Polymer», «Valtherm», «Astana Invest» Корпорациясы», «Nedex Almaty», «City Stone», «Каз-Диа-Тест ЖШС және басқалары), қала аумағында 5 жобаны («Казферросталь»,«Интермультсервис», «Serebro Profit», «ТоргСтрой» ЖШС, «Евразиан Фудс Корпорэйшн» Ақ) жүзеге асыру жоспарда.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін қалада құны 2,85 млрд теңге болатын 5 өнеркәсіптік парк («KazStroyTrade», «ADS Industries», «Ala Estate», «D&J Investments & Logistic», «Asia Prom Textile» ЖШС) іске қосылып, 1400 жұмыс орны ашылатын болады. Қазіргі кезде компаниялар құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі күні өндірістік парктер инвесторлары 19 кәсіпорынмен жалға берудің алдын ала шарттарын жасады.

Сонымен қатар, жалпы құны 31,8 млрд тенге болатын 14 әлеуметтік жобаны, оның құрамына спорт және өнер орталығы («High Tech Academy» Қазақстандағы алғашқы инновациялық жобалық мектеп), «Helmer» медициналық оңалту орталығы, Орта Азиялық экологиялық зерттеулер институты, «Демеу Қоры»АҚ ның балет театры енген, сауда және қызмет көрсету саласының жалпы сомасы 22,5 млрд теңге болатын 24 жобаны іске асыру жоспарланған.

Бұл жобаларды жүзеге асырған кезде 5000-нан астам жұмыс орны ашылатын болады. Сонымен бірге, инвестиция тарту көлемі триллион теңге деңгейінен асады деп күтілуде.

Еске салсақ, 2020 жылы Алматының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 971,2 млрд теңгені құрады. Қалада жалпы құны 175 млрд теңге болатын 51 жоба орындалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT