Алматыдағы Индустриалды аймақта құны 39,7 млрд теңгені құрайтын 11 жоба іске қосылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Индустриалды аймақта 2020 жылы жалпы құны 39,7 млрд теңге болатын 11 жаңа жоба іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Индустриалды аймақ» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде аталған арнайы экономикалық аймақта 54 компания жұмыс жасап жатыр.

«Бұл жобаларға 237 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған. Сонымен қатар, 7,8 мың жұмыс орын ашылған. Ал биыл тағы жаңа 11 жоба іске қосылатын болады. Оған 39,7 млрд теңге қаржы тартылып, 1575 адамды жұмыспен қамту мүмкіндігі пайда болады. Ал 2021 жылы құны 129 млрд теңге болатын тағы 31 жоба кезегін күтіп тұр», - деді баспасөз қызметінен.

Ертең «Индустриалды аймақ» басшылығы тартымды жобаларды таныстыру үшін бизнес қауымдастықпен кездесу ұйымдастырмақ. Онда кәсіпкерлерге өнеркәсіп паркінің инвестициялық мүмкіндігі жайлы жан-жақты айтылады.



Соңғы жаңалықтар