Алматыдағы иммигранттарға қызмет көрсететін ХҚО басқа мекенжайға көшті

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда көші-қон ХҚО Наурызбай ауданынан Түрксіб ауданына көшті. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы филиалы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылдың 03 қазанынан бастап Алматы қаласы бойынша Көші-қон қызметтері орталығы еңбек иммигранттарына мемлекеттік қызметті жаңа мекенжай бойынша көрсетеді. Осыған дейін Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, «Шұғыла» шағын ауданы, 347/2 мекенжайында қызмет көрсеткен орталық, енді Түрксіб ауданы, «Қайрат» шағын ауданы, 181-182 к.2 («Жетісу-Семиречье» базары, 2-қабат) мекенжайында қызмет көрсетеді», - делінген хабарламада.

Өтініштер жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады.
Сенбі, жексенбі - демалыс. Бұған дейін Ресей Федерациясының азаматтарына арналған күшейтілген халыққа қызмет көрсету орталығының да мекенжайы ауысқан болатын.

Соңғы жаңалықтар